Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіӘлем елдерінің паспорттарын салыстыратын Henley Passport Index жаңа тізімін жариялады. Бұл жолы Қазақстан 61-орыннан көрінді. Демек, қазақстандықтар үшін қазір 79 мемлекетке визасыз бару мүмкіндігі бар, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тізімде Қазақстан бірнеше ТМД елдерін басып озды. Мәселен, Әзербайжан – 66-орында, Армения – 69-да, ал Қырғызстан мен Өзбекстан 70-тен төменгі сатыға жайғасқан. Тәжікстан 78-орынға, Түрікменстан 84-ке тұрақтады.
Әлемдегі ең «қуатты» паспорт иелері - Сингапур азаматтары. Олар 193 елге визасыз кіре алады. Жапония мен Оңтүстік Корея тұрғындары да 190 мемлекетке еркін саяхаттайды. Ал ең әлсіз құжаттардың қатарында Ауғанстан, Ирак және Сирия паспорттары тұр.
Айта кетейік, Henley Passport Index – халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) деректеріне сүйеніп жасалады. Жылына бірнеше мәрте жаңарып отыратын бұл рейтинг саяхатшылар үшін әлем картасын жаңа қырынан ашып береді.
Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіБүгiн, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік