Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПара жүзуден Рио-2016 Парадимпиада ойындарының чемпионы Зульфия Габидуллина XVII жазғы Париж-2024 Паралимпиада ойындарына жолдама алды. Зульфия Габидуллина ел тарихында 4-ші мәрте Паралимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын болады.
Бұл Паралимпиада ойындарына еліміздің 14-ші лицензиясы. Бұған дейін, пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев, пара жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков, волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама, пара оқ атудан Еркін Ғаббасов, пара жүзуден үш жолдама, пара таеквондодан Нұрлан Домбаев, Камиля Досмалова, Нышан Өмірәлі және пара каноэдан Спатай Бибарыс пен Жаныл Балтабаева және пара үстел теннисінен Али Махулбеков алған болатын.
Айта кетсек, XVII жазғы Паралимпиада ойындары тамыздың 28-і мен қыркүйектің 8-і аралығында Парижде өтеді. Жарыс спорттың 23 түрінен ұйымдастырылады. Лицензиялық жарыстар әлі жалғасуда.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?