Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстан өткен жылы 7 елге 10 жаңа әуе бағытын ашты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі мәлімдеді.
Енді қазақстандықтар Милан (Италия), Ираклион (Грекия), Нячанг (Вьетнам), Кувейт (Кувейт), Анкара (Түркия), Маэ аралы (Сейшел аралдары) мен Түменге (Ресей) тікелей қатынай алады.
Жаңа бағыттардың ашылуы елге шетелдік туристердің көптеп келуіне де оң әсер етті.
Мысалы, өткен жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артты.
«Қазір Туризм комитеті жаңа әуе бағыттарын ашу бойынша жұмыс істеп жатыр. Ұйымдастыру шаралары аяқталған кезде біз жұртшылықты хабардар етеміз. Тікелей рейстердің ашылуы еліміздің туристік тартымдылығын арттыратыны сөзсіз. Мысалы, былтыр Атырау облысына барған туристер саны 3,5 есе өскен. Бұл өңірдің транзиттік әлеуетіне де байланысты.
Қазақстанға келген әрбір 4-ші турист Алматы қаласына барады. 2022 жылы оңтүстік астанамыз 1,2 млн. астам турист қабылдаған. Бұл рекордтық көрсеткіш. Еліміздегі тау шаңғысы курорттарына келген туристер саны 1,5 миллионға дейін жетті. Жыл сайынғы өсім 20% құрады. Еліміздегі тау шаңғысы туристерінің саны жағажай туристерінің санымен теңесті»,-деп атап өтті Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?