Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыСауд Арабия Корольдігінде өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы XX және әйелдер арасындағы XI Әлем чемпионаттары өз мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Чемпионатқа әлемнің жиырмадан астам елі қатысты, оның ішінде өрт сөндіру-құтқару спортының алдыңғы қатарлы мектептерін танытқан 14 ерлер және 6 әйелдер ұлттық құрамалары бақ сынады.
Чемпионаттың шешуші және ең тартысты кезеңі жекелей және командалық өзара үйлесімділікті, жылдамдық пен техникалық шеберлікті талап ететін «жауынгерлік қанат жаю» болды. Қиын бәсекеде Қазақстан Республикасының әйелдер ұлттық құрамасы қола жүлдеге ие болып, 3-орынды иеленсе, ерлер құрамасы лайықты өнер көрсетіп, 6-орында мәреге жетті.
Әлем чемпионатының барлық кезеңдерінің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар өздерінің жоғары кәсіби деңгейін тағы да дәлелдеді:
• Ерлер құрамасы – жалпыкомандалық есепте 4-орын, команда қоржынында екі қола медаль;
• Әйелдер құрамасы – жалпыкомандалық есепте 4-орын, қоржынында үш қола жүлде және жаңа ұлттық рекорд.
Еуропа, Азия және Африканың ең мықты құрамалары арасындағы аса жоғары бәсекеге қарамастан, қазақстандық спортшылар тұрақты нәтиже көрсетіп, әлемнің ең үздік бес командасының қатарына енді. Бұл жетістік – күн сайынғы еңбектің, кәсібиліктің және Қазақстанның өрт сөндірушілері мен құтқарушыларын біріктіретін мызғымас командалық рухтың жемісі.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек