23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстандық оқушылар 55-ші халықаралық химия олимпиадасында бір алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Интеллектуалдық жарыста әлемнің 88 мемлекетінен 350-ден астам оқушысы қатысты. Олимпиада 16-25 шілде аралығында Швейцарияның Цюрих қаласында өтті.
Қазақстан құрама командасының атынан төрт оқушы қатысып, бір алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алды, химия бойынша медальдар қорының сапалық құрамын жаңартқан жеңімпаздар:
«Үздік төрттіктің» жетекшілері — республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары Әзім Аманжолов пен Азамат Жақсылықов.
Айта кетейік, ірі халықаралық олимпиадалардағы жеңіс оқушыларға конкурстан тыс негізде еліміздің жоғары оқу орындарына грант, ақшалай сыйақы алуға мүмкіндік береді. Алтын медаль иегерлері 1500 АЕК, күміс медаль иегерлері – 1000 АЕК және қола медаль иегерлері – 500 АЕК. Олардың тәлімгерлері де марапатталады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік