28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарГерманияда БҰҰ-ның климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (SB62) көмекші органдарының 62-ші сессиясы аясында еліміздің экология және табиғи ресурстар министрлігі Орталық Азияға арналған Климаттың өзгеруі және жасыл энергетика жөніндегі жобалау кеңсесімен, Орталық Азияның өңірлік экологиялық орталығымен бірлесіп, аталмыш жаһандық алаңда алғашқы ресми сайд-ивент өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
"Өңірлік климаттық іс-қимылдарды жеделдету: 2026 жылғы өңірлік экологиялық саммитке жол" тақырынбында өткен басосуда экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансур Ошурбаев, COP29 келіссөздер тобының жетекшісі, Әзірбайжан СІМ Климаттық дипломатия департаментінің басшысы Эльчин Аллахвердиев және Қырғыз Республикасы Президентінің таулы аймақтарды дамытудың бес жылдығын іске асыру жөніндегі арнайы өкілі Динара Кемелова ханым құттықтау сөз сөйледі.
Панельдік сессия 2025 жылы Орталық Азияда (Самарқанд, Ашхабад, Душанбе, Бішкек, Астана) өткен өңірлік климаттық іс-шаралардың қорытындыларына, сондай-ақ метан жөніндегі жаһандық бастама және Париж келісімі (6-бап) сияқты бастамалар аясында ұлттық Климаттық басымдықтарға, қаржылық қажеттіліктерге және ынтымақтастыққа арналды.
Саммиттің бастамашысы ретінде Қазақстан өңірлік консультациялар сериясын іске қосуды, жобалық портфельді қалыптастыруды, ғылыми ынтымақтастық желісін құруды және өңір үшін климаттық қаржыландыру тетіктерін әзірлеуді қоса алғанда, дайындық бойынша ілгерілеуді ұсынды.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?