18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қостанай облысына шегірткеге қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шараларды бақылау үшін барды.
Ақтөбе облысында 8 шілдеден бастап ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек жүр.
Қостанай және Ақтөбе облыстарында шегірткелердің екі түрі кең таралған: италиялық прус және азиялық шегіртке.
9 шілдедегі жағдай бойынша Қостанай облысында шегірткелерден арылтуға жоспарланған 422,9 мың гектар жердің 356 мың гектарына тиісті жұмыстар жүргізілді. Облыстың 10 ауданында және Арқалық қаласында шегірткені жою жүргізілді.
Ақтөбе облысының аумағында 9 шілдедегі жағдай бойынша 667,865 мың га жер, оның ішінде италиялық прусқа қарсы 646,965 мың га немесе жалпы өңделмек жердің 99,97%-ы, азиялық шегірткеге қарсы 20,9 мың га немесе жалпы өңіделмек жердің 95,5%-ы өңделген.
Жергілікті жерлерде жұмысты үйлестіру үшін облыс әкімдері орынбасарларының басшылығымен жедел штабтар құрылды.
Химиялық өңдеулерді жүргізу үшін Қостанай облысында 9 желдеткіші бар сепкіш, 3 ұшақ, 6дельтаплан, 13 аэрозольді газ генераторы жұмылдырылды.
Ақтөбе облысында 56 арнайы сепкіш техника, оның ішінде 19 желдеткіші бар сепкіш, 19аэрозольді газ генераторы, 8 аса жеңіл авиация кемесі және 10 ұшақ бар.
Жалпы республика бойынша италиялық шегірткеге қарсы өңдеу 1,2 млн гектарға немесе 92,3%-ға жүргізілді.
Жұмыстар Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстарында толық аяқталды.
Жалпы өңірлер бойынша мониторинг және тиісті
іс-шаралар жалғасуда.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр