Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстандық өнерпаз Александр Лим «Новая волна – 2025» халықаралық жас орындаушылар байқауында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Отандасымыз осы фестивальде жеңіске жеткен алғашқы Қазақстан өнерпазы болып отыр. Әртіс әлеуметтік желілерде кавер-видеоларымен танымал болған. Әнші орыс, ағылшын, итальян, түрік және басқа тілдерде хит әндерді орындап, видеолары мыңдаған қаралым жинаған.
2018 жылы Александр «I’m a singer Kazakhstan» байқауына қатысып, жартылай финалға жеткен еді. 2021 жылы ол танымал «Голос Украины» шоуына қатысып, Надежда Дорофееваның жетекшілігімен жасырын тыңдалымнан сәтті өтіп, нокаут кезеңіне дейін өнер көрсеткен.
Сондай-ақ тағы бір қазақстандық орындаушы Ерназар Жұбан да жүлделі орынға ие болды. Өткен жылы ол Витебск қаласында өткен «Славян базары» халықаралық вокал байқауында бірінші орынды жеңіп алған еді. Әнші «Новая волна» додасында лайықты өнер көрсетіп, үшінші орынды иеленген болатын.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек