6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ұлттық музейінің 10 жылдығына арналған Қазақстан музей конгресі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрлік мәліметінше, іс-шараға Әзербайжан, Армения, Венгрия, Иран, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан және Францияның 100-ден астам музей қызметкері мен зерттеушілері қатысты.
Конгресс жұмысына ТҮРКСОЙ Музейлер кеңесінің халықаралық сарапшылары, қатысушы елдердің жетекші ұлттық музейлерінің басшылары, ЮНЕСКО жанындағы Ұлттық комиссия мен халықаралық өнертанушылар қауымдастығының мүшелері, ғалымдар, көрнекті қоғам қайраткерлері мен жетекші музей қызметкерлері, студенттер қатысты.
Мәдениет және ақпарат министрінің конгресс қатысушыларына арналған құттықтау хатын кеңесші Шерхан Талап оқып берді.
Аида Балаева Қазақстан музей конгресі отандық музей ісін дамытуға, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін бірегей алаң екенін атап өтті.
Конгресс аясында пленарлық отырыстар, ғылыми-практикалық конференция, дөңгелек үстелдер мен семинар-тренингтер өтті. Мұражайдың мәдени-білім беру қызметінің өзекті мәселелері және оны іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.
Конгресс алыс-жақын шетелдерден келген музей басшыларымен меморандумға қол қою рәсімімен аяқталды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі