23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстан мешіттеріне батырлар, ғұламалар және Алаш қайраткерлерінің есімі беріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2025 жылға арналған Бағдарлық баяндамасында мәлімдеді,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 35 жыл толуына орай айтулы мерейтойдың мәнін арттыру мақсатында қазақ даласынан шыққан әулие, ғұлама, батыр, алаш қайраткерлері мен ахун-ишандардың есімін мешіттерге береміз, – деді ҚМДБ төрағасы.
Еске салайық, 2024 жылы Қазақстанда 82 жаңа мешіт ашылды. Республикадағы мешіттердің жалпы саны – 2888.
ҚМДБ мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Марат Жаппасбаевтың мәліметінше, 2888 мешіттің 1-уі республикалық, 3-уі мегаполистік, 17-сі облыстық, 434-і қалалық, 162-сі аудандық және 2275-і ауылдық мешіт. Бүгінгі таңда тағы 257 мешіттің құрылысы жүріп жатыр.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік