10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыӨнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «JOGMEC» жапондық металлургиялық және энергетикалық қауіпсіздік ұйымының төрағасы және бас директоры Ichiro Takahara-мен кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінң мәліметінше, «JOGMEC» мұнай мен табиғи газдың тұрақты жеткізілуін қамтамасыз етуге жауапты бұрынғы Жапония ұлттық мұнай корпорациясының және түсті металдар мен минералды ресурстардың тұрақты жеткізілуін қамтамасыз етуге жауапты Жапонияның бұрынғы металл өндіру агенттігінің функцияларын біріктіреді. Ұйым 2004 жылы 29 ақпанда Жапонияның мұнай, газ және металдар жөніндегі ұлттық корпорациясы туралы заңға сәйкес құрылды.
Кездесу шеңберінде барлау мен игеруді күшейту, минералды ресурстарды тиімді пайдалану және орнықты дамыту саласындағы, сондай-ақ екі ел үшін ортақ қызығушылық тудыратын салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша геологиялық барлау, пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу, технологияларды жаңғырту және трансферттеу, пайдалы қазбалардың құнын құру тізбегі, инвестициялық мүмкіндіктер және кәсіби ақпарат алмасу салаларында екіжақты инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді