29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстан мен Жапония арасындағы мәдени байланыстарды дамытуға арналған «Рухани шыңына жету жолында: Жапония өнері» тақырыбында көрме ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ол алғаш рет Қазақстан азаматтарының бастамасымен «people-to-people» (адамдардан адамдарға) форматында «Pepelsneg Parlour» компаниясының демеушілігімен елордамызда ұйымдастырылып, қатысушыларға жақсы сый-тарту болып үлкен әсер етті.
Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылған 30 жыл ішінде саяси, сауда-экономикалық ынтымақтастық дамып ғана қоймай, мәдени-гуманитарлық байланыстар да нығайып келеді.
Көрменің ашылуына қатысқан ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш өз сөзінде Жапония мәдениетінің өзіндік ерекшеліктерін және әлемдік өркениеттер арасындағы алатын орны туралы атап өтті. Сондай-ақ, қазақ және жапон мәдениеті, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарының ұқсастығына ерекше мән берді.
Көрмеге ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Жапонияның Қазақстандағы Елшілігінің, Қазақстанда аккредителген шетелдік елшіліктерінің өкілдері, еліміздің академиялық және іскерлік топтары, Астана тұрғындары мен қонақтары қатысты.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек