Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары Ғабиден Темірбеков Вьетнам Социалистік Республикасының Сыртқы істер министрлігі Консулдық департаментінің директоры Люонг Тан Куанмен бейнеконференция форматында келіссөздер өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тараптар консулдық салада достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мүмкіндігін атап, алғашқы әрі маңызды қадамдардың бірі ретінде екі елдің жалпыазаматтық паспорттардың иелері үшін визалық режимді жеңілдету туралы үкіметаралық келісімге қол қоюға уағдаласты, - делінген СІМ ақпаратында.
Ғ. Темірбеков Вьетнам тарапына Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Оңтүстік-Шығыс Азия өңірімен түрлі салалардағы байланыстарды одан әрі тереңдету ниеті туралы айтты және үкіметаралық құжаттарға қол қою оның тікелей растауы болып табылатынын жеткізді.
Люонг Тан Куан екі ел арасындағы қарым-қатынаста таңдалған бағыттың маңыздылығына назар аударды және халықаралық шартты тез арада келістіруге бар күшін салуға дайын екенін айтты.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?