Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстан мен Түркия тұқым шаруашылығы саласында ынтымақтастық орнатады, деп хабарлайды El.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
«AgriTek-Shymkent 2022» алаңында тиісті келісімге ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ТР Ауыл және орман шаруашылығы министрлігі қол қойды. Бұдан бөлек тараптар тұқым шаруашылығында бірлесіп зерттеу жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ қазақстандық мамандар мен шаруаларды Түрік Республикасында заманауи технологияларды оқытуға уағдаласты.
Айта кетейік, Түркия қазақстандық тұқым өндірушілермен жұмыс істеуге ниетті. Бұл бағытта келіссөз жүргізу үшін құрамында 41 түрік компаниясының өкілі бар делегация келді.
Жұмыс сапары аясында түрік делегациясы Шымкенттегі жеміс -жидек өсіретін «Александр бағына» барды. Кәсіпорынның 200 гектарының 15-не Түркиядан әкелінген «голден делишес», «джероми», «фуджи», «гала», «грени смит» алма ағашының бұталары отырғызылды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары