13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызЕліміздің Сыртқы істер министрлігінің орынбасары Әлібек Бақаев Таиланд Корольдігінің жаңа тағайындалған Елшісі Пияпин Нийомреркстің сенім грамоталарының көшірмесін қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ә. Бақаев тай дипломатын тағайындалуымен құттықтап, оның қызметі екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді. Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.
Сонымен қатар сұхбаттастар БҰҰ, АӨСШК және басқа халықаралық алаңдар шеңберінде көпжақты форматтағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайындықтарын білдірді.
Өз тарапынан Елші П. Нийомреркс Қазақстан мен Таиланд арасындағы әріптестікті одан әрі нығайту үшін барлық күш-жігерін жұмсауға әзірлігін растады. Кездесудің соңында тараптар өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша байланыстарды сақтауға және ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды