7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Астана халықаралық форумы шеңберінде премьер-министр орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Сербияның ішкі және сыртқы сауда министрі Ягода Лазаревичпен кездесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Кездесуде тараптар екі мемлекеттің көшбасшылары деңгейінде қалыптасқан екіжақты тұрақты ынтымақтастық серпінін атап өтті. Серік Жұманғарин Қазақстан Сербияны Орталық Еуропадағы маңызды сауда әріптесі ретінде таниды. Сауда-экономикалық байланыстарға ерекше назар аударылып отыр: 2024 жылғы қорытынды бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 9,7%-ға артып, 1$00 млн-ға жетті. Бұл ретте қазақстандық экспорт 39,4%-ға өсті. 2025 жылғы қаңтар–наурыздағы өзара сауданың өсуі 30%.
Кездесуге қатысушылар Үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңестің әлеуетін іске қосудың, сондай-ақ негізгі екіжақты жобаларды іске асырудың, атап айтқанда Астана мен Белград арасында тікелей әуе қатынасын орнатудың маңыздылығын атап өтті. SCAT қазақстандық авиакомпаниясы маршрутты пысықтауға кірісіп те кетті. Қазақстан Сербия тарапынан, соның ішінде әуе тасымалындағы бесінші еркіндік құқығын беру мүмкіндігін де қамтитын қолдауға сенеді.
Бір күн бұрын АХФ алаңында Серік Жұманғарин Хорватияның экономика министрі Анте Шушнярмен кездескен еді. Тараптар, әсіресе, энергетика саласындағы екіжақты қатынастарды, экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды талқылады. Екі жақ, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобалар, IT-сектор, ауыл шаруашылығы мен фармацевтика өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екендерін білдірді.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?