Бүгiн, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыҚарағандыда көпбейінді облыстық балалар ауруханасының базасында аз инвазивті балалар колопроктологиясы бойынша халықаралық мастер-класс өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мастер-класс MUMKINDIK қайырымдылық жобасының шеңберінде өтті. Ол асқазан-ішек жолдарының ауыр аурулары бар балаларға көмектесу үшін Қазақстан мен Ресейдің жетекші хирургтарын біріктірді.
Бас сарапшы Ресейдегі жетекші балалар хирургтарының бірі, профессор Игорь Киргизов болды. Оның басшылығымен күрделі лапароскопиялық және бейне ассистирлендірілген операциялар өтті. Процесті Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен, оның ішінде Астана мен Петропавлдан келген 25 хирург, сондай-ақ Қарағанды облысының 37 педиатры мен гастроэнтерологы қадағалады.
Оқыту іс-шарасының шеңберінде 11 операция жүргізілді, барлығы сәтті өтті. Тағы 18 бала тегін консультация алды. Енді оқытудың арқасында қазақстандық дәрігерлер де осындай араласуларды өз бетінше жүргізе алады.
Қатысушылардың бірі өз тарихымен бөлісті: оның ұлы Давид ануссыз дүниеге келді және отбасы шетелде емделуді қарастырды, бірақ оған мүмкіндігі болмады. Жобаныңмарқасында операция Қазақстанда өтті, оның айтуынша, профессор Киргизовтың қатысуы шешуші болды.
Бүгiн, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыБүгiн, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленедіКеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады