6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Ресейдің мәдениет министрі Ольга Любимова Жеңістің 80 жылдығына арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, жоспарға театр фестивальдері, кино көрсетілімдері, конференциялар, көрмелер мен дөңгелек үстелдер сияқты түрлі мәдени іс-шаралар енгізілді.
Сонымен қатар келесі жылы Ресейде Қазақстан мәдениет күндері өтеді.
Жоспарға енгізілген мәдени іс-шаралар соғыс ардагерлері мен тыл еңбекшілерінің ерліктерін еске алуға бағытталған. Бірлескен бастамалар елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді деп сенемін, – деді Аида Балаева.
Кездесу барысында тараптар кинематография және архив ісі салаларындағы ынтымақтастықты жалғастыруға, сондай-ақ музей ісі мен театр өнері бойынша шеберлік сабақтары мен біліктілікті арттыру курстарын өткізуге келісті.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі