Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары15 тамызда Орынбор облысының Кувандык қалалық округі мен Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы арасындағы шекараға жақын маңнан өрт шықты. Бұл туралы ғарыштық мониторинг барысында белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өрт еліміздің аумағына өтпеуі үшін ТЖД бөлімшесінің 6 қызметкері Орал АЦ 5-40 және ДЖАК өрт сөндіру машиналары кезекшілікке жіберілді. Сондай-ақ шекара бөлімшесінің қызметкерлері мен ерікті өрт сөндіру бөлімдері шекара бойында кезекшілік етті.
Ресей Федерациясы Орынбор облысымен өзара іс-қимыл аясында Ресей Федерациясының мамандары өртті сөндірді. Жағдай Мәртөк ауданы ТЖБ-ның тұрақты мониторингті менбақылауында болды,- деп хабарлады ТЖД.
Кезекшілік 16 тамызда таңғы 8:40-та аяқталды. Ресейден оттың өтуі болған жоқ.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар