23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстан ирезиденті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей ирезиденті Владимир Путинге AI Journey 2026 халықаралық көрмесінде Aitu ұлттық мессенджері таныстырылды. Қосымша мүмкіндіктерін Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен BTS Digital компаниясының өнім жөніндегі директоры Владимир Фидлер көрсетті.
Aitu-дың басты мақсаты – мемлекет, бизнес және халықты біріктіретін сенімді цифрлық коммуникациялар экожүйесін қалыптастыру. Бұл азаматтардың дербес деректерін қорғауға, цифрлық байланыстың қауіпсіздігін арттыруға және алаяқтық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.
Ұлттық мессенджер суперапп форматында дамып келеді. Бір қосымшада хабар алмасу, қоңырау шалу, жасанды интеллект ассистенттері, мемлекеттік және бизнес сервистер біріктірілген.
Пайдаланушылар хабарламаларды қазақ тілінен орыс тіліне және керісінше автоматты түрде аудара алады. Сондай-ақ чат ішінде ақша аударып, шоттарды төлеп, құжаттарға қол қою мүмкіндігі қарастырылған.
Aitu-дың басты ерекшеліктерінің бірі – ұйымдардың аккаунттарын верификациялау. Арнайы көк белгі арқылы пайдаланушылар ресми аккаунттарды жалған парақшалардан ажырата алады.
Платформа халыққа арналған ұлттық мессенджерді, мемлекеттік органдарға арналған Aitu Gov Workspace және бизнеске арналған Aitu Workspace шешімдерін қамтиды.
Сонымен қатар қосымшаға мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес беретін eGov GPT жасанды интеллект ассистенті енгізілген. Ол пайдаланушыларға қажетті мемлекеттік қызметті таңдауға және оны алу тәртібін мәтіндік әрі дауыстық форматта түсіндіруге көмектеседі.
Aitu Қазақстанда сегіз жылдан бері дамып келеді. Бүгінде мессенджерде 7 миллионнан астам аккаунт тіркелген, ал ай сайынғы белсенді пайдаланушылар саны 1,3 миллионнан асады.
27-28 қарашада өткен AI Journey 2026 халықаралық конференциясында Aitu жеке стендін ұсынып, шетелдік аудиторияға ұлттық мессенджердің технологиялық мүмкіндіктерін таныстырды.
Айта кетейік, Ақорданың мәліметінше, бұған дейін Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge 2026 халықаралық IT-форумы аясында Aitu ұлттық мессенджерінің жаңа функционалдық мүмкіндіктерімен танысқан.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік