7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Еліміздің ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ресей Федерациясы Президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкоймен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында достық қарым-қатынастағы екі елдің ғылым және жоғары білім бағытындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Ведомство басшысы отандық ғылымның соңғы жетістіктеріне, шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарына, жоғары білім беруді жаңғыртуға және ғалымдарға арналған бағдарламаларға егжей-тегжейлі тоқталды.
Сонымен қатар, тараптар көрші мемлекеттердің студенттері сапалы және қолжетімді білім алу шарттарын жақсарту туралы уағдаластыққа келді.
Ресей Федерациясы Президентінің арнайы өкілі Михаил Швыдкой қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, Ресей Федерациясының ғылым және жоғары білім министрлігі жүргізіп жатқан трансформация туралы айтты.
Кездесу соңында Саясат Нұрбек Қазақстан мен Ресей арасында ғылым мен жоғары білім саласында көпжылдық жемісті ынтымақтастық орнатылғанын атап өтті.
Сонымен қатар, серіктестік аясында Ресей Федерациясының жетекші жоғары оқу орындарының Қазақстан Республикасындағы филиалдары ашылды. Қазір жұмысты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің базасында «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университетінің, Utebayev University базасындағы И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің (ҒЗУ) филиалдары, сондай-ақ М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің өкілдігі белсенді жүзеге асуда. Ағымдағы жылдың күзінде Д.И.Менделеев атындағы РХТУ филиалы ашылады.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?