30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстан мен Қытай азаматтарының жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау мәселесі бойынша келісімге келді. Жоспар жүзеге асса, екі ел азаматтары белгілі бір талаптарды сақтай отырып, қайта оқудан өтпей және емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін айырбастай алады.
Қазақстан мен Қытай қандай келісімге келді?
7 қыркүйекте Қазақстанның Ішкі істер министрі Ержан Саденов жұмыс сапарымен Бейжіңге барып, «Орталық Азия – Қытай» форматындағы ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерінің кездесуіне қатысты.
Сапар аясында Ержан Саденов Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік министрі Ван Сяохунмен жеке кездесу өткізді. Тараптар екі елдің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығын және алдағы бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарын талқылаған.
Тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен бірлескен жұмыстың алдағы бағыттарын талқылады, – деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.
Келіссөздердің маңызды нәтижелерінің бірі – Қазақстан мен Қытай азаматтарының ұлттық жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау жөніндегі уағдаластық. Бұл бастама екі ел азаматтарына жүргізуші куәлігіне қатысты рәсімдерді жеңілдетіп, Қазақстан мен Қытай арасындағы сапарларды қолайлы етуге мүмкіндік береді.
Қайта емтихан тапсыру қажет пе?
Бұған дейін, 26 тамызда Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау туралы келісімді бекітуге қатысты Үкімет қаулысының жобасы жарияланған еді.
Құжатта келісім жүзеге асқан жағдайда азаматтарға тиісті мемлекеттің заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, қайта оқудан өтпей және емтихан тапсырмай жүргізуші куәлігін айырбастауға мүмкіндік берілетіні көрсетілген. Яғни келісім күшіне енгеннен кейін қазақстандық жүргізушілер Қытайда, ал Қытай азаматтары Қазақстанда куәлігін айырбастау кезінде қайтадан жүргізушілік курстан өтіп, емтихан тапсыру қажеттілігінен босатылуы мүмкін. Дегенмен айырбастау рәсімі әр елдің қолданыстағы заң талаптарына сәйкес жүргізіледі.
«Қорғас» аумағындағы қауіпсіздік те талқыланды
Кездесу барысында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығындағы қауіпсіздік мәселесіне де назар аударылды. Қазақстан мен Қытай үкіметтері орталық аумағында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету туралы келісімге қол қойды.
ІІМ мәліметінше, құжат екі мемлекеттің құзырлы органдарының өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды. Оның аясында құқық бұзушылықтардың алдын алу, ықтимал қауіп-қатерге жедел әрекет ету және халықаралық орталыққа келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілмек.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды