30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қытай-Қазақстан интеллектуалды есептеу және жасанды интеллект инновациялары» тақырыбында халықаралық симпозиум өтті. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді.
ҚазҰУ мен Қытай компьютер федерациясы (CCF) бірлесіп ұйымдастырған жиынға Қазақстан мен шетелдің ғылыми қауымдастық өкілдері, IT-мамандар және халықаралық сарапшылар қатысты. Басқосуда жасанды интеллект саласындағы жаңа әзірлемелер, бірлескен зерттеулер мен технологияларды түрлі салаларға енгізу мәселелері талқыланды.
Симпозиумның ашылуында ҚазҰУ-дың Басқарма төрағасы – ректор Жансейіт Түймебаев Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми-технологиялық ынтымақтастықтың қарқын алып келе жатқанын атап өтті.
ҚазҰУ мен Қытай компьютер федерациясы арасындағы ынтымақтастық жүйелі түрде дамып келеді. Өткен жылы делегациямыз Харбин қаласындағы Ұлттық компьютер конгресіне қатысса, биыл сәуір айында университет базасында Қытай компьютер федерациясының Алматыдағы өкілдігі ресми түрде ашылды. Бүгінгі симпозиум осы жемісті әріптестіктің заңды жалғасы, – деді Жансейіт Түймебаев.
Оның айтуынша, мұндай ғылыми алаңдар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанды цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект кеңінен қолданылатын елге айналдыру жөніндегі стратегиялық міндеттерін жүзеге асыру тұрғысынан маңызды.
Қытай компьютер федерациясы төрағасының орынбасары Хай Цзинь де екі елдің ғылыми-технологиялық әлеуетіне тоқталды. Ол жасанды интеллектіні дамыту үшін бірлескен зерттеулер жүргізіп, осы салада жас ғалымдарды даярлаудың маңызы артып келе жатқанын айтты.
Жиын барысында сарапшылар жасанды интеллект саласындағы соңғы ғылыми әзірлемелер мен тәжірибелік жобаларды таныстырды. Мамандар жаңа технологиялардың экономика мен қоғамға ықпалын саралап, үлкен тілдік модельдерді (LLM), агенттік жүйелерді, сондай-ақ жасанды интеллектіні медицина мен ауыл шаруашылығында қолдану мүмкіндіктерін талқылады.
Халықаралық симпозиум сарапшылардың қатысуымен өткен дөңгелек үстел және арнайы секциялық семинарлармен жалғасты.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды