23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлерҚазақстанның Сиань қаласындағы Бас консулы Жошыхан Қыраубаев Шэньси өлкесі Сауда-өнеркәсіп палатасының төрайымы Цзя Чжэнланьмен кездесті, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан өңірлері мен Шэньси өлкесі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, жаңартылған энергия көздері саласындағы инвестициялық жобаларды ілгерілету, қазақстандық электромобильдерді қуаттайтын станцияларын қою мен өндірісін дамыту, сондай-ақ жеке және орта бизнес деңгейінде өзара сенімділікті арттыру амалдарын талқылады.
Бас консул ҚР Шымкент қаласы әкімдігі делегацияның Сиань қаласына жоспарланған сапарын ұйымдастыру мен өзара экспорттық-импорттық тауар айналымын көбейтуде Сауда-өнеркәсіп палатасының белсенді жұмысына ризашылық білдірді.
Өз кезегінде Сауда-өнеркәсіп палатасының төрайымы Цзя Чжэнлань Бас консулдықпен атқарылып жатқан іс-шаралар мен жүзеге асырылған сапарларды, қол жеткізілген жобаларды атап өтіп, тараптардың белсенділігін екі мемлекет арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің айқын нышаны екенін ризашылықпен атап өтті. Екінші жарты жылдықта бірлескен жұмысты жоспарлы ұлғайту және бастамаларды іске асыру мақсатында жан-жақты қолжетімді мүмкіндіктерді пайдалануға мүдделілік білдірді.
Талқыланған барлық мәселелер шеңберінде Сауда-өнеркәсіп палатасы Бас консулдықпен бірге жоспарлы түрде сауда-экономикалық серіктестікті одан әрі дамытуға күш салатынын мәлім етті.
23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?