7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу барысында екі елдің айрықша қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сізбен елордамыз Астанада жүздесіп отырғаныма өте қуаныштымын. Сіз бүгін елімізге мемлекеттік сапармен келіп отырсыз. Зор ризашылығымды білдіремін. Бұл ең алдымен Қазақстан-Қытай мәңгілік, жан-жақты стратегияның кез келген түрін одан әрі дамытуға деген ұмтылыстың айқын көрінісі деп баға беремін. Қазақстан екі ел арасындағы тату көршілік пен ғасырлар бойғы достықты нығайтуға ерекше мән береді. Біз бірлескен күш-жігеріміздің арқасында өзгелерге үлгі болатын және түрлі бағытты қамтитын мемлекетаралық ықпалдастық орнаттық. Біздің екі жақты қарым-қатынасымыз дамудың жаңа алтын кезеңіне өтті деп нық сеніммен айтуға болады. Екі ел арасындағы байланыстар тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға, халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға зор септігін тигізіп отыр, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы былтыр екі елдің өзара тауар айналымы 41 млрд доллардан асқанын атап өтті. Сөзінше, бұл рекордтық көрсеткіш. Қазіргі таңда 45 ортақ инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның жалпы құны – 14,5 млрд доллар.
Өнеркәсіп, жобалар, энергетика, көлік-транзит, жасыл экономика, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларды қамтиды. Осы жетістіктердің бәрі сіздің жеке қолдауыңыздың арқасында табысты жүзеге асқанын айрықша айтып өткім келеді, - деді Тоқаев.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?