Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсҚолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Хань Чуньлинь мырзамен кездесу өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында қос тарап архив, кітапхана, реставрация және ғылыми зерттеу бағытындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін атап өтті.
Елші Хань Чуньлинь мырза Қытай мен Қазақстан – тамыры терең, тарихы өзара сабақтас, сан ғасырлардан бері достықта өмір сүріп келе жатқан көрші елдер екенін айтты. Сонымен қатар, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы үшін Қытай тарапымен бірлесе жұмыс істеудің маңызы зор екенін жеткізді, - делінген мәліметте.
Сондай-ақ іс-шара аясында Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі сөз сөйлеп, Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік архив басқармасы арасында архив ісі саласындағы ынтымақтастықты кеңейту 2025–2027 жылдарға арналған бекітілген жоспарын орындау туралы пікірін білдірді.
Қонақтар Орталықтың қызметімен танысып, ғылыми сапарлар мен тәжірибе алмасу бағытында бірқатар ұсыныс білдірді.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды