Бүгiн, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қырыБішкектегі Қазақстан-Қырғызстан бизнес-форумында $8,2 млн коммерциялық келісімдерге қол қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2024 жылғы 1-3 желтоқсан аралығында Бішкек қаласында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі, «QazTrade» АҚ Қырғыз Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп ұйымдастырған қазақстандық экспорттаушылардың сауда-экономикалық миссиясы өтті.
Миссия аясында түрлі салаларды қамтитын 30 қазақстандық компания қырғыз әріптестерімен В2В форматында келіссөз жүргізді. 2 желтоқсанда Бішкекте Қазақстан–Қырғызстан Үкіметаралық кеңесі қарсаңында екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылау үшін маңызды тұғырнамаға айналған Қазақстан–Қырғызстан бизнес-форумы өтті.
Форум жұмысына Қазақстан мен Қырғызстанның 80 компаниясының өкілдері қатысты. Форум бағдарламасына B2B кездесулері, сондай-ақ келісімдерге қол қою рәсімі кірді. СЭМ мен форум қорытындысы бойынша жалпы сомасы $8,2 млн-нан астам 7 коммерциялық келісімге қол қойылды, бұл екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту үшін маңызды қадам болды.
Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев басқарды, сондай-ақ іс-шараға бизнес және мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты.
Бүгiн, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?