6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМәжіліс Қазақстан мен Қатар үкіметтері арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құжатқа 2023 жылдың 12 желтоқсанында Дохада қол қойылған. Келісімді ратификациялау елдерімізге әскери білім мен ғылым, әскери медицина секілді салаларда ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ әскери саладағы мәдени-спорттық іс-шаралар, бітімгершілік операцияларға қатысты мәселелер бойынша кеңестер, жауынгерлік дайындық және басқа да бағыттар қарастырылған. Келісім аясында екі мемлекеттің уәкілетті органдары әскери ынтымақтастықты анықтайтын, ұйымдастыратын және үйлестіретін бірлескен жұмыс тобын құратын болады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі