Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖаһандану дәуірінде біз сын-қатерлерге қарсы тұру үшін күшімізді біріктіруіміз керек және дамуға қолайлы орта қалыптастыруымыз қажет. Бұл туралы Әзірбайжан Медиа даму агенттігінің атқарушы директоры Ахмед Исмайлов II Орталық Азия медиафорумында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Форумда Ахмед Исмайлов жаңалықтарда қолданылатын тәсілдер жалған ақпаратпен күресте, сонымен қатар халықтың ақпараттық сауаттылығын дамытуда және оны таратуда аса маңызды екенін атап өтті.
Сондықтан бұл мәселемен күрес жолында әртүрлі механизмдерді қолдану, сондай-ақ басқа елдердің, әсіресе Орталық Азиядағы көршілеріміздің тәжірибесін пайдалану маңызды. Біз әсіресе Қазақстан мен Өзбекстанның тәжірибесіне сүйенеміз және біздің елдеріміз арасындағы медиа агенттіктер арасындағы жұмыс – бұл маңызды бағыттардың бірі, - деді ол.
Әзірбайжан Медиа даму агенттігінің атқарушы директорының сөзінше, елдер арасындағы мәдени байланыстарды дамытуға да назар аудару қажет.
Мәдениет пен коммуникацияны дамыту жолында әртүрлі бірлескен жобалар жүргізу маңызды. Бүгінгі форум сияқты бастамалар – бұл тәжірибе алмасуға, ақпаратпен бөлісуге, медиа және коммуникация саласындағы мамандар мен журналистердің кездесулеріне арналған алаң. Мұндай әртүрлі бастамалар қарым-қатынасымызды нығайтуға көмектеседі, - дейді Ахмед Исмайлов.
Ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, халықаралық деңгейдегі коммуникацияны дамыту да маңызды. Осы мақсатта түрлі тренингтер ұйымдастыру арқылы даму платформасын ұсыну қажет.
Медиа және кәсіби журналистиканы дамыту қажет, өйткені журналистика – коммуникацияның ажырамас бөлігі. Қазіргі заманда медианың рөлі аса маңызды және біздің күнделікті өміріміздің бөлінбес бөлігіне айналды. Медиа мен коммуникацияны дамыту арқылы біз елдер арасындағы дамуды барлық бағытта, әсіресе Орталық Азия мемлекеттері ішінде де көрсетеміз. Бұл, өз кезегінде, халықтар арасындағы қатынастарды нығайтады, - деді Әзірбайжан Медиа даму агенттігінің атқарушы директоры.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?