12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікПрезиденттің Өзбекстанға сапарының қорытындысы бойынша екіжақты өзара іс-қимылдың барлық басым салаларында серпінді уағдаластықтарға қол жеткізілді. Оларды іске асыру туралы арнайы әзірленген Жол картасында егжей-тегжейлі жазылған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Үкіметтің телеграм каналына сілтеме жасап.
Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Астанаға жұмыс сапарымен келген Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасарлары Жамшид Ходжаевпен және Журабек Мырзамахмудовпен келіссөз жүргізді. Тараптар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 21-22 желтоқсанда Өзбекстанға жасаған сапарының қорытындысы бойынша екі мемлекет басшыларының берген тапсырмаларын іске асыру мәселелерін талқылады.
Әлихан Смайылов ҚР Президентінің Өзбекстанға сапарының қорытындысы бойынша екіжақты өзара іс-қимылдың барлық басым салаларында серпінді уағдаластықтарға қол жеткізілгенін атап өтті. Оларды іске асыру туралы арнайы әзірленген Жол картасында егжей-тегжейлі жазылған, бұл республикалар арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға серпін береді.
«Мемлекет басшылары бірінші кезектегі бірқатар міндеттерді айқындап, оларды іске асыру мерзімдерін нақты белгілеп берді. Азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған барлық шараларды жүзеге асыру үшін үйлесімді және тиімді жұмысты қамтамасыз етуіміз керек», - деді Премьер-Министр.
Қос ел арасындағы тауар айналымы тұрақты өсіп келеді. Бұл ретте басты міндеттердің бірі – өнімді тасымалдау кезінде «тар дәліздерді» кеңейтіп, жалпы әкімшілік кедергілерді жою.
«Біздің елдеріміздің кәсіпкерлері өзара белсенді іскерлік қарым-қатынастар орнатқан, сондықтан бизнеске жаңа бірлескен жобаларды іске қосуға жан-жақты қолдау қажет. Біз сіздермен бірге осы бағытта жұмыс істеуге дайынбыз», - деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар, тараптар су шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Өз кезегінде Жамшид Ходжаев Өзбекстан Үкіметі барлық тиімді бағыттар бойынша ортақ мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін Қазақстан Үкіметімен тығыз ынтымақтастықта нәтижелі жұмыс істеуге әзір екенін атап өтті.
Кездесу соңында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 2022 жылғы 21-22 желтоқсанда екі ел Президенттері арасында өткен келіссөз қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі Жол картасына қол қойды. Өзбек тарапынан бұл құжатқа ӨР Премьер-Министрі Абдулла Арипов қол қояды.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер