Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСауда және интеграция министрлігінің ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығы шеңберінде 2022 жылғы мамырда Қазақстан мен Орталық Азияның сауда байланыстарын дамыту жөніндегі жаңа жоба іске қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
2023 жылғы 15 ақпанда Елдік жұмыс тобының екінші кездесуі өтті, онда ЭЫДҰ-ның экспортты ілгерілетудің институционалдық құрылымы бойынша ұсынымдары және экспорттаушы шағын және орта кәсіпорындар үшін «бірыңғай терезе» қызметін құру талқыланды.
Жұмыс тобының отырысына мемлекеттік органдардың өкілдері, ЭЫДҰ-на мүше елдердің елшілері, халықаралық ұйымдар мен экспортты қолдау институттары қатысты.
Екінші жұмыс тобының қатысушыларына Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаев бірінші болып сөз сөйледі.
«ОА-ның барлық елдері сауда рәсімдерін оңайлату бойынша ЭЫДҰ индексіндегі өз позицияларын жоспарлы түрде жақсартады. Шолуды дайындау бойынша жұмыстар уақытылы. Біздің еліміз үшін ЭЫДҰ-ның ұсынымдары біздің елімізге ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірінде саудаға оң әсер ететіні сөзсіз», - деп атап өтті вице-министр.
Өз кезегінде «QazTrade» АҚ Бас директорының орынбасары Нұрлан Құлбатыров өңірдегі сыртқы сауданы дамытудың соңғы трендтерімен бөлісті, сондай-ақ трансшекаралық сауда үрдістері туралы айтты.
ЭЫДҰ Еуразия бөлімінің Экономикалық саясат мәселелері жөніндегі талдаушылары Люк Макл мен Дилан ван де Вен экспортты ілгерілету үшін институционалдық негізді нығайту бойынша ЭЫДҰ-на қатысушы елдердің үздік тәжірибелерінің мысалдарын ұсынды.
Сондай-ақ, ЭЫДҰ Сауда саясаты мәселелері жөніндегі талдаушы Сильвия Сореску ОА-да сауда рәсімдерін оңайлату саласындағы жаңартылған индикаторларды ұсынды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?