Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПремьер-министр орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстанға жұмыс сапарымен және Астана халықаралық форумына қатысу үшін келген Оман Сұлтандығының Қаржы министрі Сұлтан Әл-Хабсимен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
СІМ мәліметінше, тараптар сауда, инвестиция, логистика және басқа да стратегиялық маңызды бағыттардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.
М.Нұртілеу Қазақстан Оманның Орталық Азиядағы жетекші экономикалық серіктесі ретінде сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды жан-жақты жүзеге асыруға ерекше мән беретінін атап өтті.
Қазақ тарапы Оманның ҚР мен оған көршілес елдері үшін тікелей инвестициялар қорын құру жөніндегі бастамасына толық қолдау білдірді. Омандық инвестициялардың Қазақстан экономикасына жалпы көлемі 253 млн АҚШ долларынан асты.
Қолданыстағы көлік бағыттарының мүмкіндіктерін және «Oman Vision 2040» бағдарламасының мақсаттарын ескере отырып, екі елдің логистикалық серіктестігін және өңірлердің өзара байланысын дамытуға ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында министрлер өзара мүдделі нақты жобаларды ілгерілету бойынша мазмұнды диалогты жалғастыруға дайындықтарын растады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?