12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚазақстан мен Литва Сыртқы істер министрліктері арасындағы уағдаластықтарды іске асыру шеңберінде сыртқы саяси жоспарлау және талдау мәселелері бойынша департамент директорлары деңгейінде консультациялар өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық тарапты ҚР СІМ Сыртқы саяси талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры Ануарбек Ахметов, литвалық тарапты – ЛР СІМ Стратегиялық жоспарлау және анализ департаментінің директоры Марюс Януконис басқарды.
Консультациялар барысында тараптар сыртқы саяси жоспарлау мен мемлекеттік басқару салаларындағы тәжірибелерімен бөлісіп, халықаралық және өңірлік күн тәртібінің барлық спектрі бойынша пікір алмасты, сондай-ақ департаменттер арасындағы тұрақты консультациялар тәжірибесін жалғастыруға келісті.
Іс-шараға қатысушылар ҚР мен ЛР арасындағы әріптестікті нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, елдер арасындағы сындарлы және сенімді диалогты, оның ішінде ҚР мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық келісімінің рухында одан әрі тереңдетуге деген көзқарасты растады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер