13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚазақстан мен Оңтүстік Корея ғарыш саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі бірқатар келісімдерге қол қойды. Министрдің орынбасары – Премьер-министрдің орынбасары Жаслан Мәдиев бастаған қазақстандық делегация Кореяның аэроғарыш агенттігімен (KASA) және бірқатар оңтүстіккореялық компаниялармен кездесулер өткізді.
Ғарыш саласындағы ынтымақтастық кеңейеді
Сапар аясында ҚР ЖИ және Цифрлық даму министрлігі жанындағы Аэроғарыш комитеті мен Кореяның аэроғарыш агенттігі (KASA) арасындағы ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысы өтті.
Кездесуде екіжақты байланыстың қазіргі жағдайы және оны одан әрі дамыту мүмкіндіктері талқыланды. Тараптар спутниктік технологиялар, ғарыш инфрақұрылымы және өзге де перспективалы бағыттар бойынша бірлескен жұмыстарды жалғастыру мәселесін қарастырды.
Сонымен қатар Аэроғарыш комитеті, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ және кореялық CONTEC Co., Ltd. компаниясы арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім жасалды.
Құжат спутник жасау, жерүсті ғарыш инфрақұрылымын дамыту, Жерді қашықтан зондтау деректерін өңдеу және коммерцияландыру бағыттарындағы бірлескен жұмысты көздейді. Сондай-ақ тараптар Қазақстан, Оңтүстік Корея, Орталық Азия елдері және басқа да нарықтардағы қатысуды кеңейту мүмкіндіктерін қарастырады.
«Ghalam» компаниясына инвестиция тартылады
Ынтымақтастықтың тағы бір бағыты – қазақстандық ғарыш өндірісін дамыту. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ, «Ghalam» ЖШС, CONTEC Co., Ltd. және APSI арасында инвестициялық келісімге қол қойылды.
Құжат «Ghalam» компаниясымен технологиялық және инвестициялық өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған. Келісім кәсіпорынның өндірістік әлеуетін нығайтып, жаңа технологиялық құзыреттерді қалыптастыруға мүмкіндік беруді көздейді.
Қазақстандағы метан шығарындылары ғарыштан бақыланады
Кореялық Nara Space Technology Inc. компаниясымен жасалған келісімнің бір ерекшелігі – Қазақстан аумағындағы метан шығарындыларын спутник арқылы бақылау. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен Nara Space Technology Inc. арасында спутниктік деректер ұсыну туралы келісімге қол қойылды.
Келісім бойынша Қазақстанға GYEONGGISat-2A және GYEONGGISat-2B спутниктерінен, сондай-ақ метан шығарындыларының көздерін бақылауға арналған NarSha спутниктік тобынан ақпарат беріледі. Бұл деректерді Қазақстанның мемлекеттік органдары мен өнеркәсіп саласының өкілдері пайдалана алады.
Спутниктік мониторингтің негізгі бағыттарының бірі – мұнай-газ нысандарынан бөлінетін метанды бақылау. Оның ішінде мұнай өңдеу кәсіпорындары мен табиғи газ инфрақұрылымындағы шығарындыларды анықтау қарастырылған.
Алынған ақпарат MRV (Measurement, Reporting and Verification) жүйелері аясында шығарындыларды өлшеу, есепке алу және тексеру бойынша талдамалық материалдар дайындауға да пайдаланылуы мүмкін.
Кореяның ғарыш компаниялары Қазақстанмен жұмыс істейді
CONTEC Space Group – Оңтүстік Кореядағы ірі жеке ғарыш компанияларының бірі. Компания спутниктік технологиялар мен жерүсті инфрақұрылымы бағытында жұмыс істейді және әлемнің бірнеше елінде жерүсті станцияларын басқарады.
Ал Nara Space Technology Inc. шағын спутниктер мен метан шығарындыларын ғарыштан бақылауға арналған технологияларды әзірлеуге маманданған. Компания GYEONGGISat-2A және GYEONGGISat-2B спутниктерін Кёнгидо провинциясымен бірлесіп жасаған.
Қазақстан мен Корея арасындағы жаңа келісімдер ғарыш аппараттарын жасау, спутниктік деректерді пайдалану, ғарыш инфрақұрылымын дамыту және экологиялық мониторинг бағыттарындағы ынтымақтастықты кеңейтуге негіз болады.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды