Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыИндустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Корея Республикасының Азаматтық құрылыс және құрылыс технологиялары институты, Назарбаев университеті, сондай-ақ Қазақстанның республикалық жобалаушылар одағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл орайда аталған шетелдік ұйым Корея Республикасында ауылды және қалалық жердегі инфрақұрылымды дамытып, ақылды әрі сейсмикаға төзімді ғимараттар салу саласында көшбасшылардың бірі болып саналатынын айта кетейік. Кездесу барысында институттың президенті Ким Бен Сук жоғарыда айтылған бағытта екі елдің ғылыми қауымдастығының арасында тығыз байланыс орнатылса деген ниетін жеткізді.
Өз кезегінде ҚР ИИДМ басшысының орынбасары Ілияс Оспанов бұл меморандумның Қазақстанның инфрақұрылымын дамытуда маңызды екенін айтты. Себебі еліміздің аумағы үлкен және климаттық жағдай алуан түрлі болғандықтан белгілі бір құрылыс нормалары мен талаптарды сақтау қажет.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары