Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және тұрақты халықаралық рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, Қазақстан мен Катардың авиациялық билігі арасында екі ел тасымалдаушыларының қатысуымен келіссөздер өтті.
Келіссөздер қорытындысы бойынша рейстерді орындау үшін құқықтық базаны кеңейтетін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды:
- әр тараптан Астана және Доха қалалары арасында аптасына 7-ден 14 рейске дейін;
- әр тараптан Алматы және Доха қалалары арасында аптасына 7-ден 14 рейске дейін;
- "ауа еркіндігінің" 5 дәрежесін қоса алғанда, әр жағынан аптасына 7-ден 10-ға дейін жүк рейсі.
Осылайша, рұқсат етілген жиіліктер саны аптасына 21-ден 38 рейске дейін өсті.
Қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде "Qatar Airways" әуе компаниясы ағымдағы жылдың соңына дейін Алматы - Доха бағыты бойынша орындалатын рейстер санын күніне 1-ден 2 ретке дейін (аптасына 7-ден 14 рейске дейін) ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Сондай - ақ, 2024 жылдың ортасында әуе компания Астана-Доха бағыты бойынша әуе қатынасын ашуды жоспарлап отыр.
Қазіргі уақытта "Qatar Airways" әуе компаниясы Қазақстанға бағыт бойынша рейстерде, оның ішінде "Боинг-787 Дримлайнер" үлгісіндегі кең фюзеляжды әуе кемелерін пайдаланады. Келіссөздер барысында әуе компания Қазақстан Республикасына рейстерде әуе кемелерінің осы түрлерін пайдалануды арттыратынын хабарлады.
Қазақстан мен Катар арасындағы рейстер санының артуы елдер арасындағы туристік, мәдени, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары