Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Италия Республикасының Үкіметі арасындағы екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде Қазақстан Республикасында қаза тапқан Италия әскери қызметшілерінің және Италия Республикасында қаза тапқан Қазақстан әскери қызметшілерінің жерленген жерінің мәртебесіне қатысты келісімге қол қою туралы» нормативтік құқықтық актінің жобасын дайындады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Құжат екі мемлекеттің аумағындағы әскери қызметшілердің жерленген орындарын анықтауға, есепке алуға, жайластыруға және күтіп-ұстауға байланысты қызметті ретке келтіруге бағытталған. Мұндай келісім жерлеу орындарының сақталуына және оларды тиісті тәртіппен ұстауға жәрдемдесетін болады.
Осы НҚА жобасында Қазақстанның Қорғаныс министріне Келісімге қол қоюға өкілеттік беріледі.
Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында ағымдағы жылдың 11 қаңтарына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады