22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыИталияның Милан қаласында қазақстандық компаниялардың қатысуымен сауда-экономикалық миссиясы күндері ұйымдастырылып, іс-шара барысында италиялықтарға Қазақстанның туристік және инвестициялық әлеуеті де таныстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жиынға ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерболат Сембаев, ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев, Италия Сенатының Президенті Игнацио Ла Русса, Италия Туризм министрі Даниэла Сантанке, сондай-ақ басқа да лауазымды тұлғалар қатысты.
Сапар аясында елімізде туризмді дамыту бағытында италиялық серіктестермен бірқатар уағдаластыққа қол жеткіздік. Атап айтқанда, италиялық инвесторлар ұйымдастырылған туристер үшін Алматыда 50 бөлмелі жаңа қонақ үй салатын болды. Сондай-ақ туризм саласында білікті кадрларды даярлау және дамыту мақсатында бірнеше бірлескен жобаларды ұйымдастыру мен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау үшін Ломбардиядан италиялық туроператорлар келеді деп жоспарлануда, - деді ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.
Миссия аясында Ержан Еркінбаев Италия Туризм министрі Даниэла Сантанке және Ломбардия Президенті Аттилио Фонтанамен Шымбұлақ тау шаңғысы курортында Италия күндерін өткізу мүмкіндігін талқылады. Бұл іс-шара италиялық туристер арасында Қазақстанның танымалдылығын арттыруға, сондай-ақ бірегей турлар мен маршруттарды дамыту арқылы көбірек саяхатшыларды тартуға көмектеседі.
Сонымен қатар Туризм және спорт вице-министрі Италияда «Туризм» мамандығының студенттерін дуалды оқыту және тәжірибеден өткізу бағдарламасын құруды талқылады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев