Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыСу ресурстары және ирригация министрлігі мен Италияның инженерлік, архитектуралық және техникалық-экономикалық консалтингтік ұйымдар қауымдастығы (OICE) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ынтымақтастық аясында болашақта бірқатар маңызды жоба жүзеге асырылады.
Су ресурстарын цифрлық басқару:
– Спутниктік бақылау (NASA, Copernicus) арқылы жауын-шашын мен топырақ ылғалдылығын бақылау;
– Гидрологиялық модельдер (SWAT, MODFLOW) арқылы су балансын болжау;
– Су сапасын автоматты бақылау (рН, ластану, ауыр металдар).
Жасанды интеллект және «ақылды» жүйелер:
– ГАЖ технологиясы мен AI арқылы суару жүйелерін оңтайландыру;
– Қашықтан зондтау негізінде шешім қабылдау жүйелері (DSS).
Климаттың өзгеруіне бейімделу:
– Құрғақшылық пен су тасқынына қарсы инженерлік шешімдер;
– Жаңбыр суын жинау, суды қайта пайдалану, тұщыландыру жүйелері;
– Табиғи әдістерге сүйенген су қорғау (батпақты жерлерді қалпына келтіру).
Инфрақұрылымды жаңарту:
– Көпфункционалды су қоймаларын жобалау (суару + энергетика);
– Ескі бөгеттер мен суару желілерін жаңғырту;
– Экологиялық әсерді бағалау және оны азайту бойынша жоспарлар.
Бұл бастамалар – су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен экологиялық тұрақтылықты нығайтудың маңызды қадамы.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар