28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарСу ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Испанияның Қазақстандағы елшісі Хорхе Урбиола Лопес де Монтенегромен кездесті. Тараптар жерасты суларын барлау саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, елшімен бірге кездесуге пайдалы қазбалар мен басқа да ресурстардың, соның ішінде судың егжей-тегжейлі картасын жасаумен айналысатын испандық Xcalibur Smart Mapping компаниясының өкілдері де қатысты. Бұл мәліметтер жерасты суларының орындарын барлау үшін пайдаланылуы мүмкін, сонымен қатар оларды іздеу шығындарын азайтады.
Испандық кәсіпкерлердің айтуынша, олардың технологиялары Австралияда, Канадада, АҚШ-та және Еуропада кеңінен қолданылады. Сондай-ақ, шетелдік қонақтар бірлескен жобаларға гранттар мен қаржыландыруды тартуға көмектесуге дайын екендіктерін білдірді.
Біз экономикада және ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында қайта қалпына келетін жерасты суларын пайдалану үлесін жоспарлы түрде ұлғайтуды мақсат етіп отырмыз. Сондықтан Испанияның су ресурстарын барлау тәжірибесі өте пайдалы болуы мүмкін. Биыл біздің мемлекеттеріміздің стратегиялық әріптестігіне 15 жыл толады. Су - стратегиялық ресурс, сондықтан біз екіжақты ынтымақтастықтың барлық мүмкін бағыттарын міндетті түрде қарастырамыз, - деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?