Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыХалықаралық білім беру корпорациясы (ХБК) Испанияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Мадрид политехникалық университеті арасында (Universidad Politécnica de Madrid, UPM) ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Келісімге ХБК ректоры Бахтияр Сабденалиев Мадрид политехникалық университетінде қол қойды. Құжатта Мадридтің Жоғары техникалық сәулет мектебі (ETSAM – Escuela Técnica Superior de Arquitectura de Madrid) және Азаматтық инженерияның Жоғары техникалық мектебі (Escuela Técnica Superior de Ingeniería Civil) арасында бірлескен ғылыми-зерттеу және академиялық қызметті дамыту қарастырылған.
Тараптар студенттер мен профессор-оқытушылық құрам үшін академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру, Erasmus+ және Horizon халықаралық жобалары аясында бірлескен зерттеулер жүргізу, білім беру бағдарламаларын жетілдіру және қос дипломды магистратура мен PhD бағдарламаларын әзірлеу жөнінде келіссөз жүргізді.
Сонымен қатар биылғы оқу жылында UPM азаматтық құрылыс мектебінің профессоры Игнасио ХБК құрамына Visiting Associate Professor ретінде қосылатыны атап өтілді.
Меморандумға қол қою Халықаралық білім беру корпорациясының жаһандық деңгейдегі ғылыми әлеуетін арттыру мен халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болды.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек