Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыАуыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков Берлинде өткен «Қазақстанның аграрлық секторының дамуы: инвесторлар үшін мүмкіндіктер» атты дөңгелек үстелде неміс әріптестеріне ынтымақтастықты кеңейту перспективалары туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Екі елдің агробизнес өкілдерінің кездесуі «GFFA» азық-түлік және ауыл шаруашылығы жөніндегі дүниежүзілік форум және Берлинде өтіп жатқан «Жасыл апта» көрмесі аясында өтті.
Вице-министр бүгінде аграрлық секторда екіжақты серіктестікті құру үшін айтарлықтай тың әлеует бар дегенді айтады. Осыған байланысты ол Қазақстан мен Германияның министрліктері, салалық қауымдастықтары мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері арасындағы байланысты жандандыруды ұсынды. Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің инвестициялық тартымдылығының негізгі факторларының қатарында Ербол Тасжүреков жер ресурстары мен адами капиталды атады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мәліметі бойынша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша республиканың ауыл шаруашылығына тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 39,9 миллион долларға жеткен.
Неміс әріптестерінің назарын Ербол Тасжүреков қазақстандық агроөнеркәсіптік кешеннің ағымдағы жағдайы мен даму мақсаттарына шолу жасауға, сондай-ақ инвесторлар мен сектордағы инвестициялық жобалар үшін қолайлы негіздік жағдайларға аударды.
Қарағанды блысы әкімінің орынбасары Бауыржан Асанов пен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов өңірлердегі агроөнеркәсіп кешенін дамытудың әлеуеті мен АӨК қолдау бағдарламалары туралы айтты.
Қазақстандық тарап астықты терең өңдеу, майлы дақылдарды, картопты, қант қызылшасын, жеміс-көкөністерді, ет пен сүтті өңдеу, сондай-ақ балық өсіру және балалар тағамын өндіру салаларындағы жобаларды дамытуға мүдделі.
Екі ел арасындағы жемісті ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың жарқын мысалы ретінде CLAAS, HORSH және PETKUS Technologie GmbH сияқты неміс компанияларының Қазақстандағы тәжірибесін айтуға болады.
Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды