28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарБұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Мемлекет басшысының Францияға ресми сапары шеңберінде, сондай-ақ 2022 жылғы 30 қарашада Париж қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Олжас Бектенов Францияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің директоры Шарль Дюшенмен кездесті.
Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлықты алдын алу және онымен күресу саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Осы құжат шеңберінде екі тарап арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның алғышарттары мен салдарын жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты стратегиялық жоспарлау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы кәсіби білім мен зерттеулер мәселелерінде тәжірибе алмасуды жүзеге асыру жоспарлануда.
Бұдан басқа екі елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволары өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін бірлескен оқыту бағдарламаларын ұйымдастыруға ниет білдірді.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?