13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызСыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров екіжақты инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Француз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Сильвен Гиогемен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейтудің перспективалы бағыттарын, сондай-ақ Қазақстандағы француз капиталының қатысуымен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жұмысын талқылады.
Әлібек Қуантыров Франция 2005 жылдан бері жалпы инвестиция көлемі 19 млрд АҚШ долларынан асатын Қазақстан экономикасындағы стратегиялық шетелдік инвесторлардың бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ ол Қазақстанның фармацевтика, ауыл шаруашылығы, жаңартылатын энергия көздері және т.б. экономика салаларындағы жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүдделі екенін мәлімдеді.
Өз кезегінде Елші Сильвен Гиоге Францияның қазақстандық экономиканы одан әрі әртараптандыруға жәрдемдесуге бел байлағанын алға тартты. Мұны елдің инвестициялық қоржынында француздар қатысатын жобалар санының артуы дәлелдейді. Осылайша Қазақстан Республикасында басым секторларда ұсынылған компаниялар жұмыс істейді. Олардың ішінде «Alstom» – локомотив өндірісі, «Total Energies» – энергия, «Air Liquide» – техникалық газдар өндірісі, «Lactalis» – сүт өнімдерін өндіру және тағы басқалары барү
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық ынтымақтастықты нығайту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды