29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАуыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы ТМД елдері бойынша ауыл шаруашылығының санитарлық және фитосанитарлық мәселелері жөніндегі кеңесші Амос Мари-Аньеспен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2024 жылдың 10 айында Қазақстан мен Франция арасындағы АӨК өнімдерінің тауар айналымы шамамен 9,3%-ға өсіп, 83,1 млн. долларды құрады. Осы кезеңде Қазақстанның Францияға экспорты негізінен рапс тұқымын жеткізудің арқасында 7 есеге жуық өсті.
Кездесу барысында бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
Қазіргі уақытта біз селекциялық мал шаруашылығы саласындағы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмыстарын жүргізудеміз. Бұл бағытта Францияның мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және француз тұқымдық қауымдастықтарының қызметін реттеу тәжірибесі Қазақстан үшін қызықты, – деп атап өтті Ермек Кенжеханұлы.
Сондай-ақ тараптар отандық селекционерлерді қолдау, шетелдік селекционерлерді Қазақстан аумағында тұқым өндірісіне инвестиция салуға тарту мәселелерін талқылап, әрі қарай ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек