Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚазақстан мен Финляндия елдері ынтымақтасты нығайтуға ниетті, деп хабарлайды El.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова Финляндияның Сыртқы сауда және халықаралық дамуды қолдау министрі Вилле Скиннаримен кездесіп, екі елдің арасындағы әріптестік байланысты арттырудың жолдарын талқылады.
Кездесуге Қазақстан мен Финляндияның дипломаттары және мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Eastcham Finland, Epse, Lamor, Metso Outotec, Nokia Enterprise, PayIQ, Infra & Energy Teknos және Wärtsilä Finland компанияларының басшылары қатысты.
Тараптар көлік және логистика салаларындағы өзара әріптестікті, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын бірлесіп дамытуды, сондай-ақ тау-кен және металлургия өнеркәсібінде цифрлы шешімдер мен технологияларды енгізу жолдарын қарастырды.
Кездесудің соңында Д. Щеглова В. Скиннари мен финляндиялық бизнес қауымдастықтың өкілдерін елімізде өтетін өнеркәсіп салаларын карбонсыздандыруға арналған Astana Mining & Metallurgy XIII халықаралық тау-кен металлургия конгресіне қатысуға шақырды.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар