Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Финляндия Республикасының Әділет канцлері Туомас Пөүстимен кездесу өткізді, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Әділет канцлерінің құқықтық мәртебесі – Финляндия Конституциясымен анықталған және ол заңдылықтың сақталуын қадағалау саласындағы ең жоғары лауазымды тұлға.
Қазақ дипломаты Финляндия еліміздің Солтүстік Еуропа өңіріндегі маңызды серіктесі болып табылатынын және Қазақстан ынтымақтастықтың барлық векторлары бойынша өзара іс-қимылды одан әрі арттыруға мүдделі екенін атап өтті.
Кездесу барысында тараптар құқықтық мәселелердің кең ауқымын талқылады. Атап айтқанда, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің одан әрі дамуы мен заңның үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған ірі реформаларына ерекше назар аударылды.
Финляндияның Әділет канцлері Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларды және Мемлекет басшысының елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық үдерістерді дамытуға бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады. Сондай-ақ ол Финляндияның сот жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталып, қазақстандық әріптестерімен осы саладағы тәжірибе алмасуға дайын екенін жеткізді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары