Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанада Қазақстан мен Еуропа кеңесі арасындағы Жастар ынтымақтастығының келешегі талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Қазақстан мен Еуропаның жастар ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және тәжірибе алмасуға бағытталған отырыс өтті.
Президент Әкімшілігінің, Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Еуропа кеңесінің, Еуропалық жастар карточкалық қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ республикалық жастар ұйымдарының мүшелері қатысты.
Кездесу барысында Қазақстанның азаматтық секторы мен Еуропа Кеңесінің жастар саясаты саласындағы бірлескен жобалары талқыланды.
Атап айтқанда, бірқатар отандық ҒӨБ Еуропалық жастар картасы қауымдастығымен белсенді ынтымақтастыққа дайын. Бұл серіктестік жастарының жүріп-тұруына, орналасуға, мәдениет нысандарына баруға, тілдік курстарды, тауарлар мен қызметтерді пайдалану кезінде ақпарат алуға, шегерімдер мен жеңілдіктер алуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ қазақстандық және еуропалық жастардың P2P оқыту, яғни өзара оқыту форматындағы өзара іс-қимылы жоспарлануда.
Мұндай әріптестік Жастар бастамаларын дамытуға, әлеуметтік саланы жақсартуға және тұрақты дамуды қолдауға ықпал етеді.
Сонымен қатар Халықаралық жастар күніне арналған кездесуде мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар ұйымдарының ең белсенді өкілдерін марапаттады.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?