23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Аманкелді Таженов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Еуропалық Одақтың энергия өндіруші елдерге деген қызығушылығының артуы біздің еліміз үшін транзиттік логистикалық салада, сондай-ақ еліміздің экономикасына озық Еуропалық технологиялар мен инновацияларды тарту тұрғысынан қосымша мүмкіндік ашады. Қара теңіз арқылы Еуропаға мұнай тасымалдау проблемаларын Баку-Тбилиси-Джейхан бағыты бойынша жеткізілімдерді ұлғайту арқылы шешуге болады», деді Аманкелді Таженов.
Сондай-ақ ол Қазақстан Каспий теңізі, Оңтүстік Кавказ бен Қытайдан Германияға жаңа жұп темір жол бағытын тарту арқылы жүзеге асыруға болатындығын айтты.
«Қазақстан мен Еуропа арасында өзара іс-қимылды арттыруда мүдделілік бар. Атап айтқанда көлік логистика саласында жаңа транзиттік маршурттар жүргізуге болады», деді «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
Осыған дейін басқарма төрағасы әлемнің көптеген елдерінде экономиканың өсу қарқыны төмендегенін мәлімдеген болатын. Сонымен қатар Cыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Қазақстанның Еуропамен қарым-қатынасының сапасы мен сипатының ұлғайғанын хабарлаған еді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік