Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыПремьер-министр Әлихан Смайылов пен Еуропалық комиссияның вице-президенті Маргаритис Схинас Қазақстан мен Еуропалық одақтың сауда-экономикалық қатынастарын нығайту жөніндегі алдағы қадамдарды талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Еуропалық одақпен өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайтуға ерекше мән береді.
Бұл ретте Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім, сондай-ақ ЕО-ның Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясы маңызды рөл атқарады.
Біз өзара сенім мен құрметке негізделген Қазақстан-Еуропа ынтымақтастығын одан әрі кезең-кезеңмен дамытуды қолдаймыз, — деді Әлихан Смайылов.
ЕО – Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі.
ЕО үлесіне сыртқы сауданың шамамен 30%-ы және тартылған инвестициялардың шамамен 40%-ы тиесілі.
Мәселен, өткен жылдың 11 айында тауар айналымы 5%-ға жуық өсіп, шамамен $38 млрд-қа жетті.
Бүгінде Қазақстанда 6 мыңға жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді, оның 130-ы өткен жылы ғана қосылды. Бұл көрсеткіштер еуропалық серіктестерге экономикамыздың тұрақтылығы мен тартымдылығын көрсетеді. Еуропаның инвестициялық қоғамдастығын бірлескен жобаларға кеңінен қатысуға шақырамыз, — деді Әлихан Смайылов.
Өз тарапынан Еуропалық комиссияның вице-президенті Қазақстанның Еуропалық одақ үшін маңызды әріптес екенін атап өтті.
Қазақстанда ауқымды жаңғырту процестері жүріп жатқанын білеміз. Еуропалық одақ атынан Қазақстанды Орталық Азия өңіріндегі маңызды ойыншы етіп отырған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске асып жатқан реформалардың маңыздылығын атап өткім келеді, — деді Маргаритис Схинас.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары